Инвестициялар

2016 жылы Қазақстанның индустриалды аймақтарына 6 млрд теңгені инвестициялау жоспарлануда

2016 жылы Қазақстанның 5 облысындағы 6 индустриалды аймаққа 6 млрд теңгені инвестициялау жоспарлануда, деді Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Арифханов Астана экономикалық форумы аясындағы Жібек жолы елдерінің форумында.
Астана қаласы25 Мамыр , 18:21

«Қазақстанның 13 өңіріне индустриалды аймақтар құрылуда. Бізде 42 индустриалды аймақ бар, оның 27-сі  құрылыс дәрежесінде болса, 15 аймағы әрекетте болып отыр, оның алаңы 8,5 мың га жерді құрайды. Әрекеттегі аймақтарда 332 жоба 2 млрд долларға құрылды. Жалпы, жобаланған индустриалды аймақтардан кейін жобаларды толықтыру мен инвестиция тарту қарастырылған», - деді ол.

Вице-министр айтып өткендей, ҚР Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданды.

«Аталмыш бағдарлама аясында Қазақстан облыстарындағы индустриалды аймақтарды қаржыландыру бойынша бірқатар бағыттар қарастырылған. 2015 жылы 5,5 млрд теңгеге қаржыландырсақ, 2016 жылы Қазақстанның 5 облысындағы 6 индустриалды аймаққа 6 млрд теңгені инвестициялау жоспарлаунуда», - деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика