Халықаралық интеграция

АЭФ сарапшылары Қазақстанның даму стратегиясының табысын атап өтті (ФОТО)

АЭФ-2016 форумы аясында Астанада «Қазақстанның өсу стратегиясы» атты тақырыпта халықаралық сарапшылардың отырысы өтті.
Астана қаласы 25 Мамыр, 17:31

Талқылауды ҚР Премьер-минимтрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ашты және өз сөзінде әлем экономикасындағы қатты өзгерістер елдің дамуында негативті сценарийлерден алшақ тұру үшін адекватты жауапты құрады деп өз ойын айтып өтті.

«Әлемдік шақыртулар мен тенденция Қазақстанға қандайда бір әсерін береді. Қазақстанның шикізат нарықтарында қысым пайда болады. Валютті соғыс пен дағдарыс жағдайында дамып келе жатқан нарықта қаржы тұрақтылығының қаупі туындайды. Қазақстанның жаһандық тізбектік әлем өндірісінде нашар интеграция бақыланады»,-деді Б.Сағынтаев.

Ол сарапшыларға сыртқы және ішкі шақырылымдарға орай, Қазақстанда Ұлт жоспары «100 нақты қадам» іске асырылып жатқандығын айтып өтті, ол экономиканың жаңа моделін анықтайды.

Шақырылған француз экономисті мен Франция президентінің бұрыңғы кеңесшісі Франсуа Миттерана Жак Аттали бірегей даму стратегиясының дамуына байланысты құттықтау сөзімен бастады.

«Егер басқа елдерге қарайтын болсақ, Қазақстан даму стратегиясы бар жалғыз елдің бірі. Даму үшін жақсы геграфиялық көршілер болғаны өте маңызды»,-деді Ж. Аттали.

2010 жылдың экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреты Кристофер Писсаридес  айтып өткендей, Қазақстан Үкіметі шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашуды жалғастыруы қажет.

«Қазақстан Doing Business рейтінгісінде 41-ші орынды алуына орай, менің ойымша, бұл бағытта кәсіпкерлерге қосымша мүмкіндіктер бағытын жасауда қозғалу керек. Міндетті түрде студенттер туралы да ойлауымыз керек, өйткені қазір олар студент, ал ертен кәсіпкерлер қатарын толықтыруы мүмкін. Үкімет жастар үшін бизнес түрін құру бойынша көмек көрсете алады. Шағын компанияларға үкіметтің ең жақсы көмек көрсететін түрінің бірі – жанама көмек, яғни қандай да бір кедергілер жасамау. Әкімшілік тараптан көптеген қағаздарды толтыруға келгенде, ол кез-келген қызметкерлерді кері тартады»,-деді сарапшы.

Қазақстанның жетістігін Дүниежүзілік банк өкілдері де айтып өтуде. Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия бойынша әділеттілік мәселесі бойынша топ төрағасы Амитабха Мухерджидің ойынша, ел басшылығының амбициясы Қазақстанның даму бағдарламасын растауды жүзеге асырады.

«Қазақстан-жас мемлекет. Қазақстан әрдайым амбициозды ел болып келеді. Біз Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының өте күрделі және ауқымды болып табылатындығын көрудеміз. Реформалар міндетті түрде жоғары басшылықтан қолдау алуы тиіс. Қазақстан өзінің жас екеніне қарамастан, сыртқы саясатта көптеген жетістіктерге қол жеткізді»,-деді А. Мухержди.

Естерінізге сала кетейік, Астанада Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» атты Астана экономикалық форумы өтуде. Форумға әлемнің 80 елінен келген 5000-нан астам делегат қатысуда.

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев

 





Яндекс.Метрика