Халықаралық интеграция

Қазақстанда қазба энергия көздерінің бар болуы елде ЖЭК-ті пайдалану туралы ой салады– АҚШ елшісі

Қазақстан қазба энергия көздеріне бай, яғни жаңартылатын энергия көздерінің қажеттілігі жоқ. Бұл жаңартылатын энергия көздеріне Қазақстанның міндеттемесі әлдеқайда маңызды себептің бірі. Бұл туралы «Болашақ энергиясы: Жаһандық трендтер мен технологиялар» сессиясында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол айтты.
Астана қаласы25 Мамыр , 16:58

«Бізде Қазақстанда секілді жасыл экономикаға бейімделу жұмыстары жүргізіледі. АҚШ, Қазақстан және басқа да елдер ғаламшардың болашағын анықтау үшін жұмыс жасауда. Ол көп уақытты алады. Жаңаратын энергия көздері таяу онжылдықта көміртек көздерін тұтынуды пайдалану соңғы 20 жылдағы көрсеткіштерден жоғары болады. Жел энергиясын өндіруді үш есе арттырып, ластану деңгейін төмендетуге тырысамыз. Әлемнің басқа елдеріне қарағанда бұл АҚШ-та қарқынды жүргізілуде»,-деді Д.Крол.

Сондай-ақ, дипломат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық әлем бойынша осы бағыттағы ең өршіл саясаткер екендігін атап өтті.

«Жақында мен онымен кездестім – АҚШ-тан қонақтар келді және олар күн энергиясының болашақта қандай болатынын, 2020 жылға дейін жаңартылған энергия көздері бойынша қандай қысқа мерзімді шешімдер жасалатынын талқылады. Біз Қазақстанның қазба энергия көздеріне бай екендігін білеміз, яғни ЖЭК-ке деген ешқандай қажеттілік жоқ. ЖЭК барлық электр станциялыраның орнына болады. Ал Қазақстан осы аймақ әлемінде көшбасшы болуда»,-деді АҚШ елшісі

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика