EXPO-2017

Канадалық бизнесмендер ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отыр – ҚР Канададағы елшісі

Канаданың халықаралық ЭКСПО көрмесіна қатысушылар құрамынан шығып қалғанына қарамастан, бизнесмендері ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады Қазақстанның Канададағы Төтенше және Өкілетті елшісі Константин Жигалов Астана экономикалық форум сессиясында.
Астана қаласы25 Мамыр , 16:42

«Бір жағынан қарасаңыз Канада 1967-ші жылы өздері ЭКСПО өткізген. Екінші жағынан олар халықаралық ұйымнан шығып, осы күнге дейін не өздерінде ештеңе өткізбейді, не басқа елдердегі ЭКСПО көрмесіне қатыспайды. Бірақ, Канадада көрмеге қатысуға ниет танытатын компаниялар өте көп. Біз олармен арнайы жұмыс жүргізіп, тіпті сол компаниялармен қарам-қатынасты жақсарту мақсатында ЭКСПО Комиссары Р.Жошыбаевты Канадаға шақыруды жоспарлап отырмыз»,-деді К.Жигалов.

Оның айтуынша, Канада қазіргі кезде жаңа Үкіметтің келуіне байланысты ЭКСПО-ға қатысу мәселелерін қайта қалпына келтіруде, тіпті 2025 жылы өздерінде ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру жағын қарастыруда. 

 




Яндекс.Метрика