Білім беру

ОҚО-ның 20 мың оқушысы ҰБТ тапсыруға өтініш берді

ОҚО-ның 20 мың оқушысы ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашова хабарлады.
Южно-Казахстанская область25 Мамыр , 19:08

Оның айтуынша, биылғы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңірдегі 19798 мектеп бітіруші өтініш тапсырған. Бұл облыстағы жалпы түлектердің 74,3 пайызын құрап, аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға өсіп отыр. Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстанда 31288 оқушы мектеп бітіреді.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, ҰБТ байқау сынақтарының көрсеткіші бойынша орта балл – 81-ді құрап отыр. Мамандардың хабарлауынша, облыста ұлттық бірыңғай тестілеу жұмыстары 2-8 маусым аралығында өтпек. Осыған байланысты, бүгінде емтихан өтетін 16 тест бекетінің материалдық-техникалық базасына талдау жүргізіліп, толығымен жасақталып отыр.

Брифингке қатысқан ОҚО білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Дина Агманова облыс түлектері аталған бірыңғай тестке дайын екенін жеткізді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуде шәкірт шектік балды жинай алмаған жағдайда, 2242 теңге төлеп,  тамыз айындағы кешенді тестілеуге қатыса алады. Яғни 4 пән бойынша сынақ тапсырып, 50 балдан жоғары жинаған жағдайда, ол ақылы түрде еліміздегі жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігі бар», - деді Д.Агманова.




Яндекс.Метрика