Халықаралық интеграция

А.Исекешев: Қазақстан Еуразиядағы жаңа инвестициялық бағыт болып табылады

Қазақстан - Еуразиядағы жаңа инвестициялық бағыт. Инвестициялық жәрдемдесу үшін біздің еліміз заң үстемдігін қамтамасыз етеді, яғни неғұрлым күштірек, неғұрлым тиімді және есептік үкіметті қамтамасыз етеді, деп ҚР инвестициялар және дамыту министрі Әсет Исекешев АЭФ аясында өткізіліп жатқан инвестициялық саммит барысында мәлім етеді.
Астана қаласы25 Мамыр , 16:09

«Ұйымның инвестициялық комитетінің мүшесі болу үшін  біз ЭЫДҰ командасымен жұмыс істейміз. 2012 жылы ЭЫДҰ Қазақстанның инвестициялық ахуалын қалай жақсарту керек бойынша ҚР-ға ұсыныс берді. Біз қай жерде нашар орындардың барын және оларды жоюдың жолдарын нақты түсініп, білеміз. Қазақстан заңнаманы жақсарту үшін міндеттемелерді қабылдады, олар: МЖӘ, лицензиялар және рұқсаттар, шетелдік жұмыс үштерін жұмылдыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау , жекешелендіру және тағы басқалар»,-деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, инвесторлар үшін жағымды жағдайды жасау үшін, Қазақстан бір жақты тәртіпте 19 басым елдер үшін визалық талаптарды енгізді (Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Норвегия, Швеция, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Япония).

2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды.

«Менің айта кетейін деп тұрғаным, Орталық жетекші қаржы орталықтарының стандарттары негізінде түзетілетін болады және  ағылшын құқықтары мен негізінде, сондай-ақ сот ісі»,-деді ол.

Сонымен қатар, Ә.Исекешев 2017 жылы Қаржы орталығына келу барлық ЭЫДҰ елдері үшін визасыз режим негізінде өтетіндігін айтып өтті.

Бұл аспектіде Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдерінде пионер болып келеді. 




Яндекс.Метрика