Тұрғындар мен қала қонақтары ет, сүт, көкөніс және өзге тауар түрлеріне ие бола алады. Жеткізілетін тауар құны 135,6 млн теңгені құрайды, деп хабарлады қала әкімдігі.
«ОҚО-ның 3 қаласы мен 11 ауданы – Шымкент, Түркістан, Арыс – мегаполиске 244 тонна экологиялық таза өнім жеткізеді», - делінген хабарламада.
Тауар бағасы 15-20 пайызға арзан болады.