Халықаралық интеграция

ЭЫДҰ: Қазақстан халықтың материалдық қажеттілігін арттыру арқылы үлкен жетістікке жетті

Қазақстан халықтың материалдық қажеттілігін қамту арқылы үлкен жетістікке жетті. Бұл туралы ЭЫДҰ даму орталығы елдік кешендік өкілдігінің жетекшісі Йан Реландер Астана экономикалық форумы аясындағы институционалдық өсімнің тұрақты өсімі тақырыбында.
Астана қаласы25 Мамыр , 15:37

«Қазақстан көптеген іс атқарды, ең бастысы Қазақстан материалдық жағдайды жақсартуда жетістікке жетті. Технологияның тиімділігі экономика дамуының басты серпініне айналды. Бірақ, біз ҚР өзге елдермен салыстырғанда  ЖІӨ үлесіне келетін инвестиция өзге елдерге қарағанда төмен болады», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда инвестиция құратын мүмкіндік өте жоғары.

«Қазақстан табиғи ресурстарға қарап отыр, сыртқы және ішкі сынақтар бар, оған қоса өзге саланы дамыту қажет. Аталмыш салада қомақты қаржы игерілуде. Біз нарықта тұрақтылық жетіспейтінін көріп отырмыз. Елдің мүмкіндігі шектеліп, шағын нарықтар үшін жағдай ауырлауда, бұл кедергілерді жою қажет», - деді ол.

Айта кетейік, елордада Астана экономикалық форумы өтуде.

Индира Кауметова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика