Парламент

Қ.Тоқаев «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясына дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамырда Астанада өтетін «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясына дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Астана қаласы25 Мамыр , 15:52

Шараға  депутаттар, дін қайраткерлері, халықаралық ұйым жетекшілері мен дипломаттар, сондай-ақ, отандық және шетелдік сарапшылар қатысады.

Форум жұмысына 41 елден 63 делегация қатысады.

Палатада хабарлағандай, кеңесте Әлемдік  және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығы отырысына дайындық та талқыланды.

Күн тәртібі бойынша Парламент Сенатының қауіпсіздік және қорғаныс, халықаралық қарым-қатынас комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Мрат Әзілханов қатысты. 




Яндекс.Метрика