Өңірлер

ШҚО-ның Ұлан ауданында жыл басынан бері 1714 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Соңғы 4 ай ішінде Ұлан ауданында 1714 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандар салынуда, деп хабарлады ШҚО ақпараттық қызметі.
Шығыс Қазақстан25 Мамыр , 19:23

Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев айтып өткендей, ауданды  дамыту жаңа нысандардың салынуымен бағаланады. Соңғы бес жылда Ұлан ауданында 7 мектеп, 3 балабақша, 2 клуб, 2 дәрігерлік амбулатория мен 3 тұрғын үй салынды.

Бүгінгі таңда «ҚИК» АҚ бағыты бойынша екі үйдің құрылысы аяқталды. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында мамыр айында 40 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталды. Қасым Қайсенов ауылында 564 млн теңгенің құрылысы жүруде.

Сондай-ақ, Тврикалық ауылында 320 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. 




Яндекс.Метрика