EXPO-2017

Т.Вуд: Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің нәтижелері бүкіл әлемге қызықты және пайдалы болады

Астана экономикалық форумында «Болашақтың энергиясы: әлемдік үрдістер мен технологиялар» сессиясы аясында Граттан институтындағы энергетикалық бағдарламаның директоры және австралиялық бизнесмен Тони Вуд ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысудың ұзақ мерзімді мүмкіндіктері туралы айтты.
Астана қаласы25 Мамыр , 15:16

«Болашақтың энергиясы: әлемдік үрдістер мен технологиялар» сессиясы аясында халықаралық және ұлттық сарапшылар ЭКСПО-2017 мазмұнын жақсарту үшін ұсынымдар шығарды және «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы үрдістерді талқылады.

Аталмыш сессияның ұйымдастырушылары ҚР Энергетика министрлігі, ЭКСПО-2017 көрмесі, ҚР СІМ, Ауыл ғылымының академиясы, Назарбаев Университеті.

Сессия сұрақтары жаһандық климаттың өзгеру мәселелеріне арналған, Париж климаттық келісім және оның ратификациялау.

Ауыл  ғылымының институты, ҚР Ұлттық инженер академися, ҚР ҰЭМ экономика институты экономикалық аспектілерге көшу туралы  бірқатар баяндамаларды ұсынды.

«Австралияда ЭКСПО көрмесі бірнеше жыл бұрын өткізілді. Бұл тек конференция ғана емес. Оның нәтижесі болашақта да білінетін болады және ол бір-бірімізден үйренуге көмектеседі. Қазақстан жаңа дамып келе жатыр және 2017 жылы Астанада өтетін көрмеде сіздер барлық мүмкіндіктеріңізді қолдана аласыздар»,-деді Тони Вуд.

Оның айтуы бойынша, Астана көрмесінде ұсынылатын нәтижелер барлық әлем үшін қызықты әрі пайдалы болады, сондай-ақ "жасыл" экономиканың дамуына септігін тигізеді. 




Яндекс.Метрика