Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Сұлтанов: ХАҚО-ң біртұтас жүйесін құру үшін барынша күш салынатын болады

ХАҚО-ң лайықты экожүйесін құру үшін барынша күш салынатын болады, деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Халықаралық қаржы өсімінің тәжірибесі: АЭФ-2016 аясында Халықаралық Астана қаржы орталығын дамыту үшін тетіктер мен құралдар» сессиясында.
Астана қаласы25 Мамыр , 15:04

«2015-ші жылы бес институционалды реформа қатарында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ондағы мақсат қазақстанда заманауи қаржы нарығын құру болатын және елге ТМД-н, Еуропа мен Азиядан халықаралық инвестициялар тарту болатын. Бірінші деңгейде жоғары технологияға негізделген болашақтың экономикасын әртараптандыру, шетелдік инвестицияларды бір жерге шоғырландыру, қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру мәселелері тұрды»,-деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол «Қуатты қаржы орталығын құру - еліміз экономикасының ары қарай өсімін қамтамасыз етудің негізгі жағдайларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азия өңірінде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында  экономикалық қатысуды арттыруға жол ашады»,-деп тоқталды министр.

Осы орайда ол Қазақстан қажетті ішкі және сыртқы бәсекелестік басымдықтарға ие екенін, яғни географиялық орналасуы, экономикалық-саяси тұрақтылық, қолайлы салықтық климат, мемлекеттік қорлардың ауқымды көлемі және басқа да қолайлы жағдайлар тиісті мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

«Бұның барлығы Астанадағы Халықаралық қаржы орталығын дамыту шараларын сәтті жүзеге асыруға жол ашады. Атап айтқанда, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгеннен кейін, орталық контентін жаңа идеялармен, алдыңғы қатарлы инновациялық шешімдермен толықтыру ескеріліп отыр. Оның ішінде қаржылық қызметтер саласында тың қадамдар қамтылады. Осы орайда Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін озық  қаржылық тетіктерді жеткізу мақсатында форум қатысушыларын ЭКСПО жұмысына және аталған көрмеден кейін де белсенді қатысуға шақырамын»,-деп түйді сөзін Б. Сұлтанов.

Ботагоз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика