Басқару

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен «Атаменкен» ҰКП ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Атаменкен» ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Күлібаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Астана қаласы25 Мамыр , 18:52

Аталмыш Келісіммен қарастырылған жағдай бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды және кедергілерді анықтау үшін бағытталған, деп ҰКП хабарлайды.

Тимур Күлібаев өз сөзінде ҰКП жұмысының ең маңызды бағыты – кәсіпкерлердің құқығын қорғау, және қандайда бір меморгандардан зардап шеккен кәсіпкерлерді қорғау деп атап өтті.

«Кәсіпкерлер өтінішінін талдау негізінде қазақстандық заңнаманың жүйелім мәселелері анық болды. Ол жер мәселесі, архитектура, салық және олар бойынша көптеген істеліп бітпеген жұмыстар бар»,-деді ол.

ҰКП басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және көлеңкелі экономика, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша  тиімді жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлер құқығы бойынша өкілетті институт пайда болды. Жаңа жүйе қолданыстағы бизнес қауіпсіздік жүйесін басқаратын болады және олар барлық қажілетті өкілеттілікке ие. Бас прокуратурамен жақсы ынтымақтастық орнатылды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика