Энергияның балама көздерін дамыту

Қазақстан мен Германия баламалы энергия көздері саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Астана экономикалық форумы аясында ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен Ольденбург қолданбалы ғылымдар университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы25 Мамыр , 14:02

WSEC-2017 Халықаралық бағдарлмалық комитетінің тең төрағасы, ҚР Ұлттық инженерлік академия президенті Бақытжан Жұмағұлов форум аясында ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.

«ЭКСПО-2017 аясында Инженер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгрессі өтедіә. Бүгін біз Астана экономикалық форумы аясында  келер жылы болатын «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта панельдік сессияны өткізіп жатырмыз. Бұл жерге үздік әлемдік ғалымдар мен экономистердің келуі ғалымдардың біздің елдегі тұрақтылық қызығушылығын арттырғанын көрсетеді. Бұл Қазақстан бүгінде өз көшбасшысымен бірге тұрақты дамуға келе жатқанын байқатады. Дамудың негізі «жасыл энергетика» болып табылады», - деді Б.Жұмағұлов.

Өз кезегінде, Германия тарапынан Ольденбург қолданбалы ғылымдар университетінің құрметті профессоры, Германияның инженерлер институтының мүшесі Карстан Аренз форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Мен меморандумға қол қойым жатқанымды мақтан тұтамын. Энергияны әр түрлі әдіспен өндіруге келсек, мен ядролық энергияны зерттедім, Германияның ядролық станцияларды реттеу институтында жұмыс істедім. Біртіндеп мен баламалы энергия көздерін зерттеуге көштім. Күн энергиясына келетін болсақ, Германияда жел энергиясы танымал. Қазақстан Азия оталығында орналасқан, елде баламалы энергия көзін дамыту мүмкіндігі бар», - деді ол.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика