Инвестициялар

АЭФ-2016 аясында «Kaznex Invest» ұлттық агенттігі 6 компаниямен меморандумға қол қойды

Астана экономикалық форум аясында «Kaznex Invest» Экспорттау және инвестициялау ұлттық агенттігі шетелдік компаниялармен 6 меморандумға қол қойды.
Астана қаласы25 Мамыр , 13:56

KAZNEX INVEST немістің «Linde», «Carlo Moreska», «KMK Investment», қытайлық «Shaanxi Jing Shangyu Group Co Ltd», «Airon Green Energy Turbines» компанияларымен, сондай-ақ ресейлік «Құбыр металлургиялық компаниясы» кәсіпорнымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар бекітті. 

 «Бүгін көптеген меморандумға қол қойылды. Ол «Linda Gaz», «КМК Сable» және тағы басқа компаниялар. Бұл шара елімізге инвестиция тартуды көздейді. Тағы бір инвестор үлкен индустриялық парк салуды жоспарлап отыр. Яғни, Алматы облысында тамақ өнеркәсібіне қатысты кәсіпорындар салынады. Әрі бұл қадам еліміздегі тамақ өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді. Біз елімізге қаржы бөліп отырған инвестормен меморандумға қол қойдық. Ол «Linda Gaz» компаниясы. Компания Теміртау қаласындағы өнеркәсібінің қуатын арттыруды көздейді. Бұл еліміздегі өнеркәсіп саласын жаңғыртуға жаңа серпін береді. Барлық меморандум аясында бөлінетін қаржының нақты көлемін айта алмаймын. Бірақ, қаржы қомақты. Яғни, әр жобаға 250, 300, 50 млн АҚШ доллары бөлінеді», - дейді Борисбий Жангуразов.

Сонымен қатар, меморандум аясында Алматыда жаңа ультра заманауи кәсіпорын салынады. «КМК Сable» компаниясы директорының орынбасары Кан Германның айтуынша, жобаның құны 7 млрд теңге. Қазіргі таңда құрылысқа инвесторларды тарту көзделіп отыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика