Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсудің байқау үдерісін жеделдету көзделуде

Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсудің байқау үдерісін жылдамдату көзделуде, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі Талғат Донақов Астанадағы МҚІМ жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында.
Астана қаласы25 Мамыр , 13:41

«ҚР Үкіметінің басшылығы тапсырма берді, біз жаңғырту комиссиясының отырысында оны талқыладық. Тәжірибе көрсеткендей, бізге қазіргі кездегі байқау үдерістерін қысқарту керек. Біз бұл сала бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледік, ол заңға  өзгеріс енгізуді талап етеді. Аталмыш байқау үдерістерін  жеделдетуді қарастыратын заң қажет», - деді Т.Донақов.  

Министрлікте хабарлағандай, аталмыш ұсыныс Парламентке жіберілді.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика