Қазақстан және БҰҮ

ҚР Мемхатшысы мен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады (ФОТО)

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ бас хатшысының көмекшісі, Еуропа мен ТМД елдері үшін БҰҰДБ Өңірлік бюросының басшысы Джихан Султаноглумен кездесу өткізді, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Астана қаласы 25 Мамыр, 13:36

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен БҰҰ елдік командасы арасындағы 2016-2020 жж. Даму жөніндегі негіздемелік әріптестікті іске асыру шеңберінде Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың келешегі бойынша ойларымен бөлісті.

«Мен Қазақстанға бірінші рет келіп отырғаным жоқ. Осыған дейін үш рет келгенмін. Қазіргі сапарым Астана экономикалық форумымен байланысты. ҚР Мемхатшысымен кездесу барысында біздің серіктестік, БҰҰБД-мен серіктестік туралы әңгімелестік. Сондай-ақ, біздің жаңа Жұмыс серіктестізігім туралы. Біз тұрақты қалалардың дамуы, экономиканы әртараптандыру, тиісті басқарма мәселелерін де қарастырдық. ҚР Мемхатшысы әрдайым бізге қолдау жасайды, әрдайым БҰҰ-ның досы болды. Осыған орай, жаңа мақсаттарға қол жеткізуде қалай жұмыс істеу керектігі бойынша кеңес алғымыз келеді. Бұл жаңа мақсаттар, олардың жетістіктері 2020 жылға дейін белгіленген»,-деді Д. Сұлтаноглу.

Оның айтуы бойынша, Қазақстан мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыруын жақсы атқарды. Қазақстан орташадан жоғары табысы бар ел ретінде келуіне орай, жаңа донор болып келеді және жеткілікті білім мен тәжірибені жинады. Қазақстан қазірдің өзінде осы жұмысты атқаруда.  Ел Африканы қолдау бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

ҚР Мемхатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан-2050» стратегиясындағы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы, Ұлт жоспары «100 нақты қадамындағы»  анықталған басты бағыттарды Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттары мен БҰҰ Бас хатшысы іс-қимылының 5 жылдық бағдарламасына үндесетіндігін айтып өтті.

Суретке түсірген  Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика