Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет моделін енгізу бір жұмыс орнына үміткерлер қатарын 5-ке жеткізді

Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет моделін енгізу бір жұмыс орнына үміткерлер қатарын 5-ке жеткізді, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі Талғат Донақов Астанадағы МҚІМ жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында.
Астана қаласы25 Мамыр , 13:27

«Министрліктің басты міндеті – Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» бірінші институционалдық реформасын жүзеге асыру. Бұл орайда біздің мақсатымыз жаңа мемлекеттік қызмет моделін жүзеге асыру болып саналады. Жемқорлықтың пайда болу ескертпелері мен мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау қарастырылады», - деді Т.Донақов.

Министр айтып өткендей, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу бір жұмыс орнына үміткерлер қатарын 5-ке жеткізді.

«Бір бос жұмыс орнына үміткерлердің қатары 2015 жылмен салыстырғанда 5-ке өсті. Мемлекеттік қызметтен кету көрсеткіші екі есеге қысқарды. Соңғы 3 жыл ішінде біздің мемлекеттік аппаратта «Болашақ» бағдарламасы арқылы тәмамдаған мемлекеттік қызметкерлер саны 39 пайызды құрады», - деді ол.

Ол атап өткендей, осы жылы қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер жоғары шенді қызметке орналаса бастады,  оның басым бөлігі  жұмыс істеп жүрген шенеуніктер.

«Жоғары мансап туралы жоғарышенді оқуға түскендердің саны айтады. 2015 жылмен салыстыратын болсақ, 20 пайызға өсім байқалады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Яндекс.Метрика