Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Энергетика министрлігі: 2020 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 25% -ға төмендейді

Министрлік алдында Қазақстанның энергия тиімділігі мәселесінде ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 25% -ға төмендету бойынша тапсырмасы тұр. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «жасыл экономикаға» арналған Астана экономикалық форумы аясында мәлім етті.
Астана қаласы25 Мамыр , 13:17

«Электр энергиясы саласында баламалы және жаңартылатын энергияның үлесі 2020 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс, энергия тиімділігінде 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 25% -ға төмендету тапсырмасы тұр, ал су ресурстары бойынша бұл тапсырмада  халықты 2020 жылға қарай ішетін сумен жабдықтау және 2040 жылға дейін ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселесі тұр»,-деді ол.

Сонымен бірге, министрліктің міндеті 2020 жылға қарай ауыл шаруашылық саласындағы өнімділікті көтеру. Сондай-ақ, көп қозғалатын мәселе – қалдықтарды пайдалану, Энергетика министрлігіне 2020 жылға қарай қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40%-ға арттыру керек.

«Бұл өршіл міндеттемелер, Қазақстанның шұғыл континентті климат аймағында орналасқанын, ұзақ жылу маусымдар, халықтың тығыздығы төмен аудандарын ескеретін болсақ,  осы мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан экономикасының дамуында елеулі өзгерістер әкеледі»,-деді вице-министр.

Айта кетейік,  «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Стратегиясын қабылдау экономиканың тұрақты және тиімді моделін құру үшін нақты бағдарды белгілейді. Ол елдің «жасыл» даму жолына негізделген. Осыған орай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 30 мамыр айында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдамасын бекітті. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына кіруіне септігін тигізетін болады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика