Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Теміртауда нанобетон қоспасын шығаратын зауыт жобасы іске қосылды

Теміртауда нанобетон қоспасын шығаратын зауыт жобасы іске қосылды. Оның жүзеге асуына өзге өндіріс қалдықтары қолданады. Бұл жобаны ИЖТМ қолдап отыр, деп Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды23 Қараша , 10:00

« «АрселорМитталТеміртау» АҚ мекемесінің алдында іске жарамсыз қалдықтар үйіле бастады. Өндірісте қолданылатын көптеген минералды қоспалар мен химиялық активаторлар жаңа жобаға қолданылады.

Consortium "Construction design plant" кәсіпорыны «Құрғақ бетондарды» қолданады. Ол құрғақ материалдарды өндіруге өз септігін тигізбек. Консорциум мүшелері үлкен тәжірибеге ие, себебі, АҚШ, Оңтүстік Корей, Үндістан елдерінің кәсіпорындарында істеген тәжірибелері бар», - деп хабарламада нақтыланған.

Зауыттың қуаттылығы жылына 252 000 тонна өнім өндіреді. Көп тапсырыс Қазақстанда «ЭКСПО-2017» өтуіне байланысты сән-салтанат заттарына тапсырылады. Сондай-ақ, өнімдер Еуразиялық экономикалық ұйымы мен алыс шетелге экспортталады.

Айта кетерлігі, кәсіпорындарда 111 жаңа жұмыс орны ашылып, 3000 адам құрылысқа ат салысады. Жобаның жалпы құны – 50 млн доллар. 




Яндекс.Метрика