Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР-дағы әкімшілік қызметтің саяси саламен салыстырғандағы басымдылығы ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді - министр

ҚР-дағы әкімшілік қызметтің саяси саламен салыстырғандағы басымдылығы ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді , деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі Талғат Донақов Астанадағы МҚІМ жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында.
Астана қаласы 25 Мамыр, 13:16

«Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің жалпы саны 99 мың адамды құрады, оның ішінде әкімшілік-мемлекеттік қызметкер – 98 464 құраса, «Б» атқарушы корпусы – 97 971 адамды, «А» атқарушы корпусы – 493 және  мемлекеттік саяси қызметкерлер 422 адамды құрайды. Мемлекеттік аппараттағы бос жұмыс орнын ескерсек ол 7,6 пайыз,  мемлекеттік аппараттың тәжірибелік  санағы 91 мың адамды құрайды. ҚР-дағы әкімшілік қызметтің саяси саламен  салыстырғандағы басымдылығы ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді», - деді Т.Донақов.

Ведомство басшысы атап өткендей, мемлекеттік апппаратта гендерлік баланс сақталады.

 «Мемлекеттік қызметтің 55 пайызын әйелдер құрайды, ол орташа есептік көрсеткішті 3,5 пайызға басып отыр.Оған қоса, мемлекеттік қызметтегі орташа жас есебі 38,9 жасты құрайды», - деді министр.

Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика