Өңірлер

ШОБ: Ақмола облысында қуаттылығы жылына 60 тонна ет шығаратын құс фабрикасы іске қосылады

Ақмола облысының Шортанды ауданында осы жылдың екінші тоқсанында қуаттылығы жылына 60 тонна ет шығаратын құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола 25 Мамыр, 18:37

Ақмола облысының әкімі Шортанды ауданына жасаған жұмыс сапары барысында қаз етін өндіретін және өңдейтін құс фабрикасының құрылысына ат басын бұрған болатын.

Атап өту керек, жобалық қуаты жылына 60 тонна ет өндіретін кәсіпорын нысанының құны 73,9 млн. теңге. Қазір мұнда 3 мың құсқа арналған үш құс ғимаратының құрылысы аяқталып қалды. Сонымен қатар, сою және етті өңдеу цехын және әкімшілік-тұрмыстық кешенін іске қосу жоспарлануда.

Кәсіпорын директоры Дияр Махпиров атап өткендей, құстарды жақсылап бордақылап, климатты сақтау үшін құс фабрикасындағы ұзындығы 100 метр болатын үш ғимаратта да жемдеу орындары ойдағыдай орналастырылған. Әр ғимаратта төрт желі су беруге және төрт желі жем беруге орнатылған.

Жаңа кәсіпорынды іске қосу арқылы жергілікті 10 тұрғынға жұмыс берілмек. Кейін тағы да жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Аймақ басшысы бұдан бөлек, Шортандыдағы жүзу бассейінінің құрылысымен танысты. Мердігер компанияның директоры облыс әкіміне нысан қыркүйек айының соңына дейін тапсырылатынын айтты. 





Яндекс.Метрика