Халықаралық интеграция

ИДМ Астана Экономикалық Форумы аясында 30-дан астам кездесу өткізеді

ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астана Экономикалық Форумына қатысушылармен алғашқы кездесулерін өткізді.
Астана қаласы25 Мамыр , 13:21

Ведомство хабарлағандай, Латвияның көлік министрі Улдисом Аугулиспен болған кездесуде автомобиль жолдарын салу және Астанадан Латвияға тұрақты  авиарейстер ашу мәселелері  талқыланды.

«Бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі – Қазақстан, ҚХР және Еуропа елдері арасындағы  халықаралық транзитті дамыту болып табылады.  Біз жол, инфрақұрылым нысандарын, порттар салудамыз. Біз өз елімізді еуропадағы толыққанды серіктес санаймыз, бұл жөніндегі біздің мүдделеріміз ортақ», - деп атап көрсетті Ә. Исекешев.

Азиялық Даму Банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы жол-көлік инфрақұрылым, жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты көлік жүйесін дамыту салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.  

Қазіргі уақытта АДБ-мен бірлесіп екі автожол жобасы іске асырылуда: «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» және  «Бейнеу-Ақтау». Жаңадан екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда: - «Ақтөбе-Мақат» және «Орталық-Батыс». Мұның сыртында, АДБ Қазақстан тарапына темір жол саласында жаңа ынтымақтастық бағыттарын қарастыруды ұсынды.

«Ынтымақтастықтың туризм индустриясын дамыту жаңа бағыты ретінде алға шығуы бола алады, өйткені ол ұлттық экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай тудырады», - деді Ә. Исекешев.

Қазақстан Республикасы және АДБ 20 жылдан астам уақыттан бері  тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Бұл қаржы институтының біздің еліміздің экономикасының дамуына қосқан үлесі 1 трлн. 5 млрд. теңгеден асады.

АЭФ аясында ҚР инвестициялар және даму министрлігі шетелдік мемлекекттер үкіметтері өкілдерімен, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялар, оның ішінде трансұлттық компаниялар өкілдерімен барлығы  30-дан астам кездесу өткізуді жоспарлауда.

ҚР ИДМ тарапынан Германия, Италия, Қытай, Польша компанияларымен энергетика, АӨК, металлургия, химия және тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылымы салалары бойынша 10-ға жуық коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.  




Яндекс.Метрика