Қазақстан және БҰҮ

Б.Әйтімова: Қазақстан тұрақты даму мақсатының аясында жаңа міндеттерді жүзеге асыруға кіріседі

1993-ші жылдан бастап БҰҰДБ Қазақстанда сомасы 72 млн. АҚШ доллары болатын 180 жобаны іске асырды, деп хабарлады Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Астана экономикалық форумының БҰҰДБ-на 50 жыл толуына арналған сессияда.
Астана қаласы25 Мамыр , 12:54

«23 жыл ынтымақтастығымызда БҰҰДБ-ы біздің елдегі трансформациялы өзгерістерге айтарлықтай үлес қосып, жалпыұлттық және аймақтық деңгейдегі стратегиялық құжаттар мен заңнамаларды жасауда, түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың ұйымдық әлеуетінің күшеюіне қолдау көрсетті»,-деп атап өтті сенатор.

Осылайша, өзінің Қазақстандағы қызметінде 1993-ші жылдан бастап БҰҰДБ Қазақстанда сомасы 72 млн. АҚШ доллары болатын 180 жобаны іске асырды. Атап айтар болсақ, бұл Каспи аймағының халқына гуманитарлық көмек, Арал теңізі аймағына қолдау көмегі, мемлекеттік қызметті қайта қалыптастыру, «жасыл экономикаға» өту және тағы басқа да жобалар.

Сенатор атап өткендей, БҰҰДБ-ы қызметінің біздің елдегі ең басым бағыты болып экологиялық тұрақтылық болып қала береді. Қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік басқару мен адам құқығы реформаларына қолдауы, кедейшілікпен күрес, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын арттыру, Кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуды дамыту және азаматтық қоғамның алға жылжуы сияқты басым бағыттар бойынша аталмыш ұйымның қызметі бағаларлық.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика