Қазақстан және БҰҮ

Мемлекеттік хатшы: Өткен 20 жыл Қазақстан мен БҰҰ ДБ арасындағы серіктестік қатынастарының басталу тарихы

Өткен 20 жыл Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы серіктестік қатынастарының басталу тарихы. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: Энергия, ресурстар және орнықты даму» сессиясының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Астана қаласы25 Мамыр , 12:43

«Қазір біз алға қадам басып, алдағы ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктер мен келешекті зерттеудеміз. Қазақстан өз алдында көлемді мақсаттарды қоюда. «Қазақстан-2050»  жаңа мемлекеттік стратегиясы толық адам дамуын қамтамасыз ету үшін күш-жігерді жұмылдыруға бағытталған. Бүгінгі күні біздің еліміз бейбітшілік пен тұрақты дамуды қолдау үшін өңірлік және жаһандық ынтымақтастық саласындағы бастамаларды әзірлейді және жүзеге асырады. 20 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан мен БҰҰ-ның елдік командасымен серіктестік қатынастар басталды»,-деді Г.Әбдіқалықова.

Оның айтуы бойынша, Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың ең бір ашық мысалы Арал теңізінің тарихы болып келеді. Өз уақытында, Арал аймағының экологиялық бұзылуы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қиындатты. 1994 жылы су ресурстарының басқармасы, денсаулық сақтау және экономиканы қалпына келтіру басқармалары жағдайды дұрыстау бойынша басым бағытқа белгіленген болса, сол кездері БҰҰДБ өздерінің бірінші миссиясын бағыттады. Одан кейін БҰҰДБ көмегімен «Арал теңізі бассейнінің әлеуетін дамыту» атты кешендік бағдарламасын дамыту өткізілді. 1995 жылы қолданысқа енгеннен кейін, бұл жоба «Аралдық адамдарға қол ұшынды беру өзіне көмек көрсетумен бірдей» атты тақырыпта әйгілі бола бастады. Аталмыш бастама өзінің басты мақсатына қол жеткізді – жергілкті тұрғындар аймақты қайта қалпына келтіруде қатысуға мүмкіндік алды.

Естерінізге сала кетейік, 2016 жылғы форумның тақырыбы - Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы».

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика