Халықаралық интеграция

БҰҰ ДБ Қазқақстанға гендерлік теңдікті ілгерілетуде белсенді қолдау көрсетті

БҰҰ ДБ Қазқақстанға гендерлік теңдікті ілгерілетуде белсенді қолдау көрсетуде. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Астана экономикалық форумя аясындағы БҰҰДБ 50 жылдығына арналған сессия барысында айтты.
Астана қаласы25 Мамыр , 12:38

«БҰҰ  ДБ мен Қазақстан арасындағы өзара байланыс гендерлік саясатты жылжыту мен әйелдерге құзыреттілік беру саласында тиімді іске айналды. Тәуелсіздіктің басында Қазақстан әйелдері  жұмыссыздық,  балабақша тапшылығы  мен жұмыс іздеу проблемаларын бастан кешірді. Әйелдердің мемлекеттік билікке араласып, шешім қабылдау көрсеткіші өте төмен дәрежеде болды», - деді Г.Әбдіқалықова.

Оқиғаны түзету үшін ҚР Үкіметі бірқатар шешімдер қабылдады, ол гендерлік теңдік бойынша халықаралық келісімдерге келісті. 1998 жылы ел әйелдерге қатысты барлық теңсіздікті жою бойынша конвенцияға қол қойды. Осы жылы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.

БҰҰДБ осы жылдар ішінде гендерлік теңдікті сақтау бойынша белсенді қолдау көрсетті.

«Біздің серіктестігіміз толыққанды Қазақстанның белсенді әйелдерінің әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. 2009 жылы бірқатар маңызды заңнамалық актілер – «Әйелдер мен ерлерге арналған бірей мүмкіндіктер туралы»  және «Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңдарына қол қойылды. Сондай-ақ, Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік бойынша стратегия дайындады», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика