Евразиялық одақ

ЕАЭО, ҰЖЖ және «Нұрлы жол» жобаларының түйіндесуі барлық Еуразия аясында кедергісіз сауда жасауға мүмкіндік береді – ҚР ҰЭМ

Бірлескен Еуразиялық экономикалық одақ, Ұлы жібек жолы және «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыру барлық Еуразиялық континентте экономиканың барлық салаларының сауда аясында кең ауқымды дамуына мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов АЭФ-2016 аясында энергия, ресурстар мен тұрақты экономикалық даму тақырыбында Ұлы жібек жолы елдері форумында айтты.
Астана қаласы25 Мамыр , 12:23

«Жібек жолының экономикалық белдеуі мен Еуразиялық экономикалық одақ табиғи және айқын шектесу нүктесіне ие, деп есептейміз. Ортақ не бар? Екі жоба да сауда саласын жеңілдетуге жағдай туғызу бағытында құрылған. Айталық, сауда енгізуде кедергілерді алып тастау, транзиттік тасымалды қасмтамасыз ету және сенімді көліктік-логистикалық инфроқұрылымды дамыту мәселелері ортақ. Сондықтан, екі жоба да мүдделі елдерден қолдау табады. Қай салалар көбінесе қызықты? Бұл энергетика, транспорт пен телекоммуникация»,-деді Т.Жақсылықов.

Вице-министр атап өткендей, энергетика саласы бойынша Қзақстан үшін қызықты әрі перспективалы жоба ол Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын тарту құрылыс жұмыстарының екінші учаскесіне қатысу.

«Бұл газ құбыры қазақстандық жеткізілімді орындауға, ал одан әрі ресейлік газды Қытайға жеткізуге мүмкіндік береді. Ал, көліктік инфроқұрылым жағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль көлік дәлізінің құрылысы қызығушылық тудырады. Бұл дәліз Қытайдан Еуропаға баратын бағытты қысқартады, барлық Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуетін арттыратын үлкен маңызға ие»,-деді Т.Жақсылықов.

Бұдан бөлек, вице-министр Қазақстанда көліктік-логистикалық инфроқұрылымды қалыптастырып, дамытуға бағытталған ауқымды «Нұрлы жол» инфроқұрылымдық бағдарлама жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«Бұл бағдарлама Ұлы жібек жолы бағдарламасымен айтарлықтай сәйкес келеді. Сондықтан, Бірлескен Еуразиялық экономикалық одақ, Ұлы жібек жолы және «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыру барлық Еуразиялық континентте экономиканың барлық салаларының сауда аясында кең ауқымды дамуына мүмкіндік береді»,-деп қортындылады сөзін вице-министр.

Ботагоз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика