Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҰҒЗТО мен ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады “Қазғарыштың” баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Мамыр , 14:47

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ) президенті, физика-математика ғылымдарының докторы Шыңғыс Омаров және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев кадрларды дайындау саласында бірлескен ғылыми-оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

“Құжат «ҰҒЗТО» АҚ пен В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғалымдары мен мамандарының ҚазҰУ физика-математика факультетіне арналған оқу және ғылым бағдарламаларын дайындауда қатысуын көздейді, соңғы кезде ол жерде «астрономия және астрофизика» мамандығы бойынша студенттерді дайындау жұмысы жаңартылды”, - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, университет студенттерінің практикалық білімдері мен дағдыларын алу үшін «ҰҒЗТО» АҚ-тың (астрономия обсерваториясының) материалдық-техникалық және тәжірибелік базасын қолдануға мүмкіндіктері болады.




Яндекс.Метрика