Халықаралық интеграция

К. Писсаридес: АЭФ - әлемнен келген экономистер мен саясаткерлер арасындағы диалогтың басты алаңына айналды

АЭФ - әлемнен келген экономистер мен саясаткерлер арасындағы диалогтың басты алаңына айналды, деп экономика бойынша 2010 жылғы Нобель Сыйлығының лауреаты Кристофер Писсаридес есептейді.
Астана қаласы25 Мамыр , 11:19

«Астана экономикалық форумы бүкiл әлемнен келген экономистер, саясаткерлер мен басқа да мамандар арасындағы диалогтың басты алаңына айналды. Бұл әсiресе осындай орталық аймақта маңызды. Проблемаларды талқылай келе, маңызды келiсiмдерге келуге болады. Бiрақ, адамдардың өз көзқарасын өзгертуi үшiн уақыт керек. Астана экономикалық форумы сияқты осындай халықаралық кездесулерде бiрлескен шешiмдердi iздестiру жұмысы тоқтамау керек. Бұл өте маңызды», - дедi 2010 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты К.Писсаридес.

Ғалымның айтуынша, әлемдiк дағдарыс жағдайында Қазақстан шикiзат бағасына баса назар аударуы қажет. Дегенмен, шикiзат материалдары бойынша проблемалар Қазақстаннан гөрi Ресейге көп әсер еттi.

Естерiңiзге селе кетсек, бүгін елордада Астана экономикалық форумы басталды. Екi күнге жалғасатын биылғы Астана экономикалық форумына «Жаңа экономикалық ахуал: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбы арқау болып отыр. 




Яндекс.Метрика