EXPO-2017

«Астана Экспо-2017» мен «ЕХРО-2020 Dubai» ынтымақтастық келісіміне қол қоюға мүдделі

Бүкіләлемдік ЕХРО-2020 Dubai көрмесі халықаралық қатысушыларының алғашқы жиналысы барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Біріккен Араб Әмірліктерінің Халықаралық қарым-қатынас мәселесі бойынша мемлекеттік министр, «ЕХРО-2020 Dubai» Бюросының Бас хатшысы Рима аль-Хашемимен кездесті, деп хабарлады ұлттық компания.
Әлемде 25 Мамыр, 11:53

Кездесу барысында екі жақ Астана  ЭКСПО-2017 мен ЕХРО-2020 Dubai арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қою жөнінде келісімге келді. Келісім ынтымақтастықтың көптеген мәселелерді қамтитын болады. Әсіресе, ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары серіктестерімен Көрме тақырыбын ілгерілету, мамандармен қамтамасыз ету және еріктілер құрамын толықтыру жөнінде тәжірибе алмасатын болады.

“Біз «Астана ЭКСПО-2017» соңғы онжылдықтағы ең сәтті көрмелердің бірі болатындығына сенім білдірген Халықаралық көрмелер Бюросының бағасын мұқият зерттеп шықтық. Өз кезегінде, Экспо форматының өзі мемлекет экономикасының барлық сасаларының дамуы үшін айрықша маңызды. Сондықтан осындай ауқымды іс-шараны өткізуде Сіздердің тәжірибелеріңізді қарастырғымыз келеді”, - деді аль-Хашеми ханым.

 

Келісім 2017 жылдың қаңтар айында Болашақ Энергиясы Саммитінің аясында ресми бекітілетін болды.   

 





Яндекс.Метрика