Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Шымкент фармацевтика зауытында антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехы ашылды

Шымкенттегі «Химфарм» АҚ-нда антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехы ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 25 Мамыр, 11:37

Ұнтақ дәрінің 17 түрін өндіретін жаңа цех жылына дәрілік препараттардың 24 миллион құтышасын шығаруға қауқарлы. Жаңа цехтың ашылуы өз кезегінде қажетті өнімдерге деген тәуелділікті жойып, шетелдік жеткізушілерді азайтады. GMP халықаралық стандартына сәйкес келетін жаңа цех Орта Азиядағы жаңғыртылған жоғарғы өндіріс орны болып табылады.

Ашылу салтанатына «СК-Фармация» басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев, өңір басшысы Б.Атамқұлов пен компанияның бас директоры Ижи Урбанец қатысты.

Кәсіпорынды кеңейтіп, өнімділікті арттыру мақсатында фармацевтикалық компанияға құны 75 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестиция тартылуда. Сонымен қатар, мұнда жыл соңына дейін фармацевтикалық препараттарды өндіретін үшінші өндірістік циклды іске қосу жоспарлануда.





Яндекс.Метрика