Халықаралық интеграция

Н.Ермекбаев қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін халықаралық жоғары өкілдер кездесуіне қатысты

Президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін VII-ші халықаралық жоғары өкілдер кездесуіне қатысты.
Әлемде25 Мамыр , 10:32

Аталмыш шара Ресей қауіпсіздік Кеңесінің бастамасымен Шешен Респбликасының Грозный қаласында 80-ге жуық мемлекет пен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өтуде.

Кездесудің күн тәртібіндегі мәселеге халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, заңсыз миграцияға қарсы әрекет ету мен халықаралық және ұлттық деңгейде ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері енді.

Қазақстандық делегация басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015-ші жылдың қыркүйегінде БҰҰ Саммитіндегі экстремизмге қарсы әрекет ету халықаралық бастамаларының маңыздылығына айрықша тоқталды.

Сонымен қатар, Грозныйда болған кезінде Н.Ермекьаев Шешен Республикасы басшысының міндетін атқарушы Рамзан Кадыровпен және РФ-ң Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевпен келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысып жатқан бірқатар мемелекет делегацияларының басшыларымен жұмыс кездесулер өтікізді. 




Яндекс.Метрика