Халықаралық интеграция

ЕАЭО басшылары Астанада Еуразиялық одақ және Жібек жолы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Келесі жұмада Астанада ЕАЭО Мемлекет басшыларының кеңесі өтеді, ол жерде екі жобаны түйсіндеу бойынша бекіту енгізіледі: Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай бағдарламасы «Бір белдеу – бір жол». Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: Энергия, ресурстар және орнықты даму» сессиясының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Астана қаласы25 Мамыр , 10:17

«Бірнеше күн бұрын Ереван қ., Арменияда Еуразиялық экономикалық одақ үкімет басшыларының кездесуі өтті. Онда ЕАЭО-ның Еуразиялық экономикалық жол бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» жобасын түйіндестіріп, дамыту тұжырымдасы талқыға түскенін атап өтті.Үкім басшыларының деңгейінде тұжырымдама мақұлданды. Келесі жұмада Астанада ЕАЭО Мемлекет басшыларының кеңесі өтеді»,-деді К.Мәсімов.

ҚР Үкіметінің басшысы айтып өткендей, ЕАЭО елдері мен «Бір белдеу-бір жер» бағдарламасы тәжірибелік қолдануды алады және әлеуетті дамиды.  

 «Менің ойымша, Ұлы жібек жолы мен «Бір белдеу- бір жол» бағдарламасы – біздің ортақ тарихымыз, даму мен гүлдену - ортақ үмітіміз. Ұзақ жол алғашқы қадамнан басталады демекші, алғашқы қадамды жасай келе, біз Жібек жолымызды қайтадан қалпына келтірудеміз. Біз бірлескен даму мен гүлденуге келе жатырмыз»,- деп толықтырды өз сөзін К.Мәсімов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика