Инвестициялар

БЖК-2020: Қостанай облысында 30 млн теңгенің 16 жобасы мақұлданды

Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында, мемлекеттік гранттарға үміткер кәсіпкерлердің сұранымдарын қарастыру үшін Аймақтық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады «Даму» қоры.
Қостанай25 Мамыр , 11:03

Іріктеуге барлығы 188 сұраным түсті. Комиссия жалпы сомасы 30 млн.теңге болатын 16 жобаны мақұлдады. Барлық жобалар облыс қалаларында және аудандарында жүзеге асырылады. Идеялар өте қызықты және әр өңірдің экономикалық дамуына өте пайдалы. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық түсіруге мұмкіндік береді.

Мысалы Арқалық қаласында «Мобильді планетарий», ал Амангелді ауданында 500 тоннаға дейін көкөніс сақтау қоймасын ашу жобалануда. Жангелді ауданында кәсіпкер орта тапқа мал дәрігерлік дәріхана ашуды және ауылшаруашылық жануарлар мен үй құстарына дәрігерлік көмек беруді жоспарлап отыр.

 Лисаковск қаласында грант арқасында караоке-бар ашылады. Нан мен нан-тоқаш өнімдерін жасау бойынша, өндірістік қуаты тәулігіне 2000 килограмм болатын цех Наурызым ауданында ашылмақ. Алтынсарин және Қарасу аудандарында аяқ киім жөндеу шеберханасы пайда болады. Және де Алтынсарин ауданында мини-баспахана салу жобасы мақұлданды. Әулиекөл ауданында «Балаларға арналған ойын бөлмесі» ашылады. Қарабалық ауданында халыққа жеке секторда су жүргізетін құбырды траншеясыз салу бойынша қызмет көрсетіледі.

Ұзынкөл ауданында гранттық қаражатқа жақын уақытта көкөніс және көк жем өсіру бойынша гидропонды қондырғыдағы жыл бойғы жылыжай салыну басталады. Ал Жітіқара ауданында грант көмегімен ұсақ тас-мастикалық асфальтбетонды қоспа үшін «EcoTop» тұрақтандырғыш қосындысын өндіру цехы іске қосылады. Темір-бетонды құдық өндіру және оны қондыру Федоров ауданында іске қосылмақ. Сарыкөл ауданында комиссия «Солнечный вегетарий» - жеміс-жидек, көкөніс және гүл көшеттерін өсіру жобасын мақұлдады. Қостанай қаласында 2 жоба мақұлданды - «BESTkz» экскурсия бюросы және кез-келген металлдық бетке гальваникалық төсем түсіру.

 




Яндекс.Метрика