«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

К.Мәсімов: «Нұрлы жол» - Қазақстанның жаңа экономикалық жағдайға берген жауабы (ФОТО)

«Нұрлы жол» - Болашаққа бастар жол» - Қазақстанның жаңа экономикалық жағдайға берген жауабы, бұл жаһандық өсім мен мұнайдың төмен бағасына негізделген, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астана экономикалық форумы-2016 аясындағы Жібек Жолы форумында.
Астана қаласы 25 Мамыр, 10:02

«Жібек жолы тек сауданы дамытып қана қоймай, біріншілік тәжірибе, жетістіктер мен білімді алмасуға мүмкіндік беріп, бейбітшілік пен Еуразияның ірі диалогын нығайтуға қызмет етті. Азияның соңғы онжылдықта дамуы Азия өңірінің ішінде тығыз байланыс керектігін көрсетті, сондай-ақ, Азияның Еуропа мен АҚШ-пен ынтымақтастығының  қажет екенін көрсетті.  2012 жылдың қыркүйек айында Астанада Қытай халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары барысында Назарбаев Университетіндегі дәрісінде «Бір белдеу-бір жол» жобасын құру идеясын ұсынған болатын. Баяндау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяны бірден қолдаған болатын. Меніңше, «Бір белдеу-бір жол» жобасы XXI ғасырдың ең ірі жобаларының бірі. Ол Жердің төрттен үш бөлігінің халқын біріктіріп отыр», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр атап өткендей, 2014 жылы Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» - «Болашаққа бастар жол» экономикалық жобасын ұсынды.

«Бұл бағдарлама Қазақстанның  жаңа экономикалық жағдайға берген жауабы болды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан экономикасын жаңғыртуды жалғастыру және оны жаһандық экономика бағыттарына бейімдеу», - деді Үкімет басшысы.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика