Білім беру

Е.Сағадиев астаналық гимназия түлектеріне ҰБТ сынағында сәттілік тіледі

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астана қаласындағы №75-ші гимназияның соңғы қоңырау мерекесіне арналған лездемесіне қатысты.
Астана қаласы25 Мамыр , 09:41

«Құрметті түлектер, сіздер жаңа әлемге, білім әлеміне шығасыздар. Сіздер тамаша мектепті, биік біліммен аяқтап отырсыздар. Мен сіздердің ҰБТ сынағынан сүрінбей, үлкен жетістікеремен тапсыруларыңа сәттілік тілей отырып, еліміздің, шетелдің үздік жоғары оқу орынына түсіп, мықты мамандықтарды меңгерулеріңе тілектеспін. Кейін ұлы ғалым, жазушы, инженер болғандарыңды көріп, біз мақтан ететіндей болайық»,-деді Е.Сағадиев.

Іс-шарада сонымен қатар, мектеп басшылары мен ұстаздары, түлектер мен бірінші сынып оқушылары да сөз сөйледі.

Айта кету керек, №75-ші мектеп-гимназиясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2014-ші жылдың 1-ші қыркүйегінде ашылған болатын. Бүгінгі таңда гимназияда оқушылардың «Эрудит» ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Оның қызметі білім деңгейі жоғары оқушылармен жұмыс істеуге бағытталған. 




Яндекс.Метрика