Инвестициялар

Арыста 12,5 млрд теңгені құрайтын 2 ірі жоба жүзеге асырылады

Арыста 12,5 млрд теңгені құрайтын 2 ірі жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай мәлім етті.
Южно-Казахстанская область25 Мамыр , 10:47

Елбасының Бес институционалды реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған қала әкімі Арыста стратегиялық маңызы бар құны 13,5 млрд. теңгені құрайтын 2 ірі жобаны іске асыру жоспарланып жатқанын жеткізді.

Олардың бірі - «Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд. теңге болатын, жылына 1,8 млн. бас асыл тұқымды жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы.

Қазіргі таңда жобаның тиісті құжаттары дайындалып, топографиялық және геодезиялық жұмыстары жүргізілуде. Құс фабрикасы өз жұмысын бастағанда жергілікті 70 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ал екінші жоба негізінде «KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС-нің баламалы электр энергиясын өндіру жоспары қолға алынып отыр.

Құны 11 млрд. теңгені құрайтын күн сәулелік электростанциясының құрылысын бастау үшін Арыс қаласы аумағында 30 га жер телімі бөлініп отыр.

Өндірілетін электр қуаты 3 мВт болатын станцияда жаңадан 30 жұмыс орны ашылмақ. Сейіт Ертайдың айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанына Арыс қаласына 1217,0 млн. теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық. 




Яндекс.Метрика