Халықаралық интеграция

Елордада Астана экономикалық форумы өтуде (ФОТО)

Астанада аймақтың экономикалық және саяси өмір саласындағы жыл сайынғы іс-шара - Астана экономикалық форумы өтуде, оның басты тақырыбы «Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» деп аталады.
Астана қаласы 25 Мамыр, 09:28

Астана экономикалық форумы 9 жыл қатарынан Еуразия кеңістігінде тарихи оқиға болып табылады. Жыл сайын Астанада әлемдік экономикалық қоғамның өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми әлемнің беделділері мен кәсіпкерлер жиналады.

Форумның мақсаты әлемдік сарапшы-экономисттер Орталық-Азия аймақтарында бөлек, сондай-ақ барлық әлем кеңістігінде экономикалық даму мәселесін талқылай алатын бейтарап халықаралық тұғырнаманы қалыптастыру.

Әлем экономикасы бірқатар өзгерістерді бастан кешті және АЭФ басты тұғырнама болды. Ол жерде экономикалық және әлеуметтік-маңызды мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, аталмыш форум бизнес үшін мықты құрал болып табылады және ол географиялық шекараларды және ақпаратты жеңуге мүмкіндік береді. Жыл сайын АЭФ әлемнің 80 елдерінен 5000-нан астам делегатты жинайды.

Форумның әр түрлі жылдары талқыланған басты тақырыптары: «Жаһандану жағдайында экономикалық дамудың заманауи аспектілері», «Жаһандық тәуекелдер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі», «Дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты өсу», «Жаңа онжылдық: күрделі мәселелер мен келешегі», «Жаһандық экономикалық трансформация: күрделі мәселелер мен келешегі», «G-GLOBAL форматында теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету», «G-Global форматындағы өзгерістер заманында тәуекелдерді басқару», «Инфрақұрылым – тұрақты даму драйвері».

2016 жылғы форумның тақырыбы - Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». 





Дерекнама

Яндекс.Метрика