Халықаралық интеграция

Е.Досаев «Бәйтерек» Холдингінің халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының Төрағасы Ерболат Досаев халықаралық қаржы институты өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады ұлттық компаниядан.
Астана қаласы25 Мамыр , 09:57

Е.Досаев Еуропалық Инвестициялық Банктың вице-президенті Ян Вапаавуроримен кездесу өткізді. Тараптар «жасыл экономика» бірлескен жобасын жүзеге асыруға мүдделіліктерін танытып, отандық шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді. Сонымен қатар, тараптар ұлттық экспортёрларды қолдау құралдарының перспективаларын талқылады және қаржы институттарының тәуекелін жабатын сақтандыру мен кепіл мәселелерін кеңейтуді де сөз етті.

Е.Досаев «Бәйтерек» Холдингі мен Азиялық Даму Банкінің вице-президенті Венча Жангпен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті жобаларын қаржыландыру жұмыстарының сәтті жүзеге асқан қортындылары да талқыланды. 2016-шы жылдың қыркүйегінде 2011-ші жылы үш коммерциялық банктен алынған 22,5 млрд. теңге қаржыны жауып тастау жоспарланып отырғаны аталып өтілді.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика