Халықаралық интеграция

Бүгін Елордада Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды

25-26 мамырда Астанада аймақтың экономикалық және саяси өміріндегі елеулі оқиға – Астана экономикалық форумы өтеді. АЭФ-2016 басты тақырыбы «Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы»,-деп аталады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Астана қаласы25 Мамыр , 08:41

Еліміздің бас қаласында әлемге танымал сарапшылық қауымдастықтар, саясат өкілдері, ірі қаржы құрылымдарының жетекшілері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар жиналып, АЭФ-2016 басты тақырыбы «Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» жайын талқылайды. АЭФ-2016 бірқатар сессиясы қаржы және банк секторын дамыту, монетарлы саясат және капиталды бақылау режимін қайтару мәселесіне арналмақ.

Дәстүр бойынша форумға қонақ ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары шақырылған. Биыл АЭФ-ке экономика саласында Нобель сыйлығын иеленген Эдвард Прескотт, Кристофер Писсаридес және Томас Сарджент пен тағы да басқа ғалымдар келеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика