Халықаралық интеграция

Эстонияның қаржы министрі мемлекеттік басқару Академиясында лекция оқыды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында Эстония Республикасының қаржы министрі Свена Сестераның лекциясы болды.
Астана қаласы 24 Мамыр, 19:56

Аталмыш лекцияға мемлекеттік Академияның магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты, деп хабарлады Академияның баспасөз қызметі.

Эстония министрін Академияның ректоры Болатбек Әбдірасылов қарсы алып, Қазақстанның жас мемлекеттік қызметкерлерінің алдыңғы қатардағы Эстонияның мемлекеттік саясат пен экономика саласындағы мол тәжірибесі қызықтыратынын айта келіп, іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.  

Лекция барысында Свен Сестер Қазақстанмен сыртқы экономикалық қарым-қатынастың негізгі даму бағыттары туралы айтып берді. Сонымен қатар ол, Эстонияның үздік мемлекеттік және әкімшілік реформаларына тоқтала келе, қаржы ресурстарын оңтайлы басқару тәжірибесімен де бөлісті.

Сонымен қатар министр эстондық мемлекеттік қызметтің басымдығы туралы толығырақ айтып, тиімді электронды үкімет пен Эстония үкіметінің сыбайлас жемқорлықты болдырмауға басымдық беретінін атап өтті. 





Яндекс.Метрика