Халықаралық интеграция

К.Мәсімов: Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шығыстардың шоғырландыру мүмкіндіктері мен үкіметтің түрлі деңгейлері арасындағы есепті зерттеу керек (ФОТО)

Қазақстанда республикалық бюджеттің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарушы орган және бюджеттік қаражаты шығыстарының шоғырландыру мүмкіндіктерін зерттеу керек, деп ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының аймақтық конференциясының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Астана қаласы 24 Мамыр, 18:01

«Қазақстанның экономикалық және қаржы-несиелік саясаты аясында елдер ішінде белсенді пікірсайыс өткізілуде. Сонымен бірге, қазір жаңа салық кодексі жасалуда және ол кедендік кодекспен қиыстырылуы мүмкін. Басынан бастап біз осы жылы нақты шешіммен шығуды жоспарладық, бірақ біз шешім қабылдадық, яғни нақты шешім қабылдау үшін шамамен бір жыл керек»,-деді К.Мәсімов.

Сонымен қатар, Премьер-министр сол уақытта Бюджет кодексін жаңғырту және шығыстарды шоғырландыру мүмкіндігі мен түрлі деңгейдегі басқарма арасында есеп туралы пікірталастар болғандығын айтып өтті.  

«Менің ойымша, ХВҚ-мен кеңес өткізу және егжей-тегжейлі талқылау үшін, сондай-ақ ең үздік әлем тәжірибесіп оқып білуге, басқа да халықаралық ұйымдармен жұмыс жасауда  бір жыл уақыт керек. Ұлттық банк мақсаттары үшін жергілікті валюта көп ескеріледі және соңында, ол экономиканы әртараптандыруға және Қазақстан халқының жағдайын жоғарылатуға алып келеді. Біз осының барлығын бір жыл ішінде талқыға салып, шешім қабылдағымыз келеді»,-деді үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, Астанада жабық дөңгелек үстел форматында Астана экономикалық форумына орайластырылған ХВҚ Аймақтық конференциясы өтті. Оған Орталық Азия, Кавказ, Еуразиялық аймақ елдерінің экономикалық блоктағы бірінші басшылары қатысты.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Алиев





Яндекс.Метрика