Кристин Лагард айтып өткендей, Астанадағы сапары аясында бірқатар кездесу өткізіп үлгерген, келесі сапарды да жоспарлап отыр.
«Біз бүгін Астана экономикалық форумы аясында өткен өңірлік кездесуді институцияландыруды шештік. Бұл кездесуге қаржы министрі, өңірлік барлық жетекшілері қатысты. 8 ел осы кездесуде таныстырылды», - деді ол.
Қазақстанға келетін болсақ, спикерді ел 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері таң қалдырды.
«Табиғи ресурстарды, байлықты халықтың мүддесіне қолдану әдісі ұнады», - деді К.Лагард.
Қазір көптеген елдер бастан кешіріп жатқан экономикалық жағдайды ескере отырып, К.Лагард Қазақстанның ақша-несие саясатын қолдады.
«Бұл шаруаны іске асыру оңай шаруа емес. Кез келген жағдайда мәселені кеңінен түсіндіріп, сол мәселенің тарихын жеткізген дұрыс. Халықаралық валюта қоры Қазақстанның ақша-несие саясатын қалыптастырудағы барлық талпыныстары мен бастамаларын қолдап отыр », - деді К.Лагард.