«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» аясында 2016 жылы 12 жоба іске асырылады

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» аясында 2016 жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 12 жоба іске асырылады, деп Ақтөбе облысының «Энергия және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді басқару» ММ басшысының м.а. Амантай Бекниязов «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.
Ақтөбе24 Мамыр , 20:13

Оның айтуынша, қазіргі таңда халықты сумен жабдықтау 90,5%, ал елді мекендерде 43,5% құрайды.

"Ақбұлақ", "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдрламалары аясында 2011 мен 2015 жылдар аралығында төрт жыл бойы сумен жабдықтау және су жеткізу бойынша 100 жоба қолға алынады, олар 54 780 тұрғыны бар 68 елді мекенді қамтиды. Жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын 22,5 миллиард теңге республикалық және облыстық бюджеттерден қарастырылып отыр.

Ырғыз ауданының Нұра және Мамыр елді мекендерін орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 633,9 млн теңге болатын су құбырлары желісінің құрылысы жобасы әзірленді, 2016-2018 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік тапсырыс жасалды. Сонымен бірге, Ырғыз ауданының Белшер ауылында жалпы құны 172,2 млн теңге болатын су құбырлары желісінің құрылысын бюджеттік қаржыландыру жөнінде тапсырыс жасалды.

“2016 жылы "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 2016 жылы Ақтөбе қаласы мен Алға, Әйтеке би, Шалқар, Мұғалжар, Темір аудандарының 9 елді мекенінде сумен қамтамасыз ету, су жеткізу жүйелерінің құрылысы мен қайта салу бойынша жалпы құны 4,1 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылады.  Аталған бағдарлама аясында 2017 жылы жалпы құны 8,8 млрд теңге болатын тағы 30 жоба қолға алынбақ”, - деп атап өтті Бекниязов.

Сонымен бірге, 2016 жылы облыстық бюджет есебінен құны 172,6 млн теңге болатын 9 сумен жабдықтау жүйесі құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзіпленді.




Яндекс.Метрика