Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбенің жылу және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 2016 жылы 6,8 млрд теңге жұмсалады

Ақтөбе қаласының жылу және сумен жабдықтау желілерін модернизациялауға 2016 жылы 6,8 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Амантай Бекзниязов хабарлады.
Ақтөбе25 Мамыр , 09:14

Оның айтуынша, негізгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қорының техникалық жағдайы коммуналдық желілерді жаңғырту мен қайта салуға қаржы құюды қажет етеді. Жыл сайынғы шығындармен қатар негізгі қордың техникалық тозығы деңгейі де арта түседі. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау желілерінің орташа тозығы 49%, су жеткізу - 62%, жылумен жабдықтау - 61% құрайды.

Сонымен бірге отандық экономикадағы дағдарыс көріністері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын мемлекет тарапынан қаржыландырудың азайғанын білдіреді. Соңғы үш жылда мемлекеттік салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында елді мекендер мен тұрғындарды орталықтандырылған  су, жылу және газбен қамтамасыз ету көрсеткіштері орташа алғанда 15%-ға артты, ал коммуналдық желілердің тозығын 20%-ға азайту мүмкін болды.

“Осы және өзге мәселелерді шешу үшін біз инвестиция тартуды және мемлекеттік -жекеменшік серіктестік аясында хлықаралық қаржы институттарын, екінші деңгейлі банктерді, сонымен бірге жеке институттарды жұмылдыра отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Қазіргі таңда потенциалды инвесторлар тарапынан Ақтөбе қаласында көшедегі жарықтандыру мен канализациялық-тазарту қондырғыларын модернизациялау бойынша нақты екі жоба ұсынылды. Олар бүгінде қарастырылуда”, - деп атап өтті Амантай Бекниязов.

Сонымен бірге, қаржы ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктері есебінен бірқатар мәселелер күн тәртібінен алынады. 2016 жылы жалпы сомасы 6,8 млрд теңге болатын Үкіметтік грант және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің несиелік ресурстары есебінен Ақтөбе қаласында жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмыстары басталады. Ол өз кезегінде желілердің тозығын, су мен жылудың жоғалуын азайтуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика