Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өндірістің оптикалық өнімі ұсынылады (ФОТО)

Халықаралық «KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық кәсіпорындар ҚР Қарулы Күштері қорғаныс өнеркәсібінің тың әзірлемелерін көрсетуге дайын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 24 Мамыр, 19:07

«KADEX-2016» көрмесіне қатысатын қазақстандық қатысушылардың ішінде Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі тапсырмаларын орындайтын, электро-оптикалық жүйелерді орнатумен броньды техника және авиациялық кемелерді жаңғыртумен айналысатын «КАЕ» ЖШС.

«KADEX-2016» көрмесі шеңберінде «КАЕ» кәсіпорны тәуліктің түнгі уақытында көзбен шолып бақылауға арналған А100 монокулярлы приборын ұсынады.  А100 приборы әскери және арнайы операцияларды жүргізу, объектілерді патрульдеу және күзету, түнгі уақытта көрінетін жарық қуат көзін пайдаланусыз жүріп өтілген жер бойынша көлік құралдарын басқару үшін қолданылады.

Бүгінгі таңда компаниямен бірнеше маңызды жобалар іске асырылды. Атап айтсақ, «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ-пен бірлесе МИ-17В-5 тікұшақтарының жаңартылуы, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-мен бірге электронды-оптикалық жүйе мен кіріктіруді орната отырып, броньдалған дөңгелекті техниканың шығарылуы мен жаңғыртылуы. Сонымен қатар «КАЕ» компаниясымен Т-72А броньды танкті техникада атысты басқару жүйесінің жаңғыртылуы жүргізілді.  

Тағы да «КАЕ» компаниясының көрсетілетін приборларының бірі шағын жылу визиялық көздеуіш болып табылады.  Ол түтін, тұман және бықсық жағдайында тәуліктің түнгі және күндізгі уақытында атысты жүргізу үшін атыс қаруында қолдану үшін арналған. Көздеуіш объектілердің жылулық сәулеленуі бойынша енжарлы режімде жұмыс жасайды. Сондай-ақ қол жылу визиялық бақылау приборы ретінде қолдануға болады.

«КАЕ» компаниясы өзін ҚР Қарулы Күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасына арналған кәсіби және тәжірибелі жоғары технологиялық электронды-оптикалық өнім шығаратын компания ретінде көрсеткенін айта кеткен жөн.  





Дерекнама

Яндекс.Метрика