Халықаралық интеграция

Бюракандық астрофизикалық обсерваториясының делегациясы Қазақстанға келді

Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында (ФАФИ) Бюракандық В.А. Амбарцумян атындағы астрофизикалық обсерваториясының (БАО, Армения) өкілдері болды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Мамыр , 18:37

Делегация ФАФИ-ге келген кезде армян әріптестерінің қатысуымен ғылыми семинар өткізілді.

Іс-шаралар барысында БАО-ның ғалым хатшысы Елена Никогосян ғылыми қызметтің негізгі бағыттары туралы баяндады. Бюракандық астрофизикалық обсерваториясының негізгі тақырыптарының бірі «Ғарыштық объектілердің дамуындағы тұрақсыз құбылыстар рөлін» зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, қолданбалы зерттеулерге, атап айтқанда, ғарыштық қоқыс пен астероидтарды бақылауға үлкен көңіл бөлінеді.

Халықаралық істер бойынша БАО директорының орынбасары Арег Микаелян обсерватория ғалымдары қатысып жатқан халықаралық жобалар туралы айтты. Оның ішінде «Көкжиек-2020» еуропалық ғылыми даму бағдарламасы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Армения және т.б. қатысуымен өтетін халықаралық виртуалды обсерваторияны жасау жөніндегі халықаралық жобасы, әртүрлі мемлекеттерде жас ғалымдарға халықаралық астрономиялық мектептерді өткізу туралы жобалар.

БАО делегациясы өзінің сапары барысында В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының бақылау базаларының бірі – Тянь-Шань биік таулы астрономиялық обсерваториясын көріп қайтты.

Бюракандық астрофизикалық обсерваториясындағы әріптестердің зерттеу тақырыбы қазақстандық ғалымдардың зерттеулерімен қиысады, ол өзара үлкен қызығушылық туғызды.

Іс-шаралардың нәтижесі бойынша қазақстандық және армяндық астрофизиктер іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ынтымақтастық туралы, сондай-ақ, ФАФИ-де бар көпжылдық бақылаулар деректерінің негізінде виртуалды обсерватория құру жөнінде жұмыс туралы келісімге келді.

В.А. Амбарцумян атындағы Бюракандық астрофизикалық обсерваториясы – Армения Ұлттық ғылым академиясының жетекші ғылыми мекемелерінің бірі екенін естеріңізге саламыз. 1946 жылы негізі қаланды. Обсерватория Арменияда, Арагацотн облысы, Бюракан ауылының шетінде 1490 метр биіктегі Арагац тауының оңтүстік беткейінде орналасқан. Обсерватория ғимараттарының кешені сәулет ескерткіші болып табылады. 2015 жылы Бюракандық астрофизикалық обсерватория аймақтық астрономиялық орталық мәртебесін алды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика