Инновациялар

Дж.МакГанн: Ең тиімді тәсілмен басқаруды өзгерту инновация болып табылады

Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту орталығындағы іскерлік кездесу барысында америкалық сарапшы Джеймс МакГанн иннговациялар және осы инновацияларға бейімделу – турбуленттік жағдайда ең тиімді басқаруды өзгерту тәсілі деп атады.
Астана қаласы24 Мамыр , 15:37

«Ең тиімді өзгерістерді басқару тәсілі – бұл жергілікті участкелерде инновация және бұл инновацияларға бейімделу, саясатта болсын экономикада болсын солай.  Бұл инновациялар заңнамалық органдармен қабылдануы қажет»,-деді Джеймс МакГанн.

Еске сала кетейік, Астанада турбуленттік жағдайда тиімді басқаруды өзгерту мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы болды. Қазақстандағы бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру да жаңа ситуациялық және жобалық көзқарастардың қажет екені айтылды аталмыш жиында. 




Яндекс.Метрика