Халықаралық интеграция

В.Христенко: ЕАЭО мүмкіндіктері толық түрде пайдаланылған жоқ

Еуразиялық экономикалық одақтың пайдаланылмаған әлеуеті туралы ақпараттыЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко айтпақшы.
Астана қаласы24 Мамыр , 14:48

«20 жылдан астам қызметімде еуразиялық кеңістіктегі ингеграция жобаларына көңіл бөлдім. Мен мәселелерді, интеграцияда бар болған пайдаланылмай қалған мүмкіндіктерді көрдім. Оларды барлық жағдайға қарамастан, аша алмадық. Егер интеграция болмағанда, онда оның арты одан да жаман болар еді»,- деді Виктор Христенко.

ЕАЭО-ның пайдаланылмай қалған мүмкіндіктерін айта келе, кеңес президенті аталмыш мәселелер шешілмей  қалған сұрақтардан туындайтындығын атап өтті.

«Шешілмей қалған сұрақтар интеграциялық процесс кезіндегі нәтижені дұрыс түсіндірмеуге әкеледі. Егер бизнес туралы айтатын болсақ, не себепті келісе алмаудың астарында ұлттық бизнестің келіспеушілігі жатыр. Әдетте, ол билік тарапынан тиімсіз басқару үшін қосымша «мүмкіндіктер» жасайды. Бұл нақтылау қабатының бірінші жұмысы болып табылады»,-деді Виктор Христенко.

Ол өз сөзінде, Іскерлік кеңес - шоғырландыру ұстанымын әзірлеу мүмкіндігі және оны реттеу бағыттары бойынша ұлтүстілік заңнаманы жетілдіру деп айтып өтті.

«Сала өте көп, олардың барлығы сыртқы экономикалық қызмет, кедендік әкімшілік, техникалық және санитарлық. Ол ұлтүстілік деңгейде қызмет істеп, тұруда»,-дед ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика