Инвестициялар

Будапештте Қазақстан-Мажарстан тікелей инвестиция қоры ашылды

Будапештте Қазақстан-Мажарстан 40 млн АҚШ долларынан бастап 20 АҚШ долларын тартатын тікелей инвестиция қоры ашылды, деп хабарлады СІМ.
Әлемде24 Мамыр , 19:41

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен «Мажарстан экспорттық-импорттық банкі» бірлесіп ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру үшін қор ашты. Атап айтсақ, Қор аграрлық компанияларға инвестиция тартуға мүдделі.

Салтанатты шара барысында тараптар Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынасы жаңа дәрежеге ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша шыққандығын айтты. Тікелей инвестициялар қорының ашылуы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа серпін береді.

Мажарстандық аудитория «Қазақстан-2050» бағдарламасы мен «Нұрлы жол» , Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асу барысымен танысты.

Шараның қорытындысы бойынша венгерлік компаниялардың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды. 




Яндекс.Метрика